Басты Жаңалықтар Фируза Шарипова Испаниялық Мириам Гутьерреспен жұдырықтасады

Фируза Шарипова Испаниялық Мириам Гутьерреспен жұдырықтасады

Фируза Шарипова Испаниялық Мириам Гутьерреспен жұдырықтасады

WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver бойынша екі түрлі салмақ категориясында бақ сынасатын Фируза Шарипова 4 тамыз күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы M-1 аренасында өтеді. Бұл туралы Шарипованың менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

 

«Біз M-1 аренаны таңдадық. Жекпе-жекке арналған жаңа спорт алаңы талаптарға толық жауап береді. Біз трибунадағы жанкүйерлер, сонымен қатар, телекөрермендер үшін үлкен шоу жасауға тырысудамыз. Жекпе-жектің трансляциясына әлемнің түкпір-түкпірінен өтініш түсіп жатыр. Бокс кеші 100-ден аса елде тікелей эфирде көрсетіледі. Фируза –әлемга танымал, оның шайқасын барлығы күтуде», – деді Шарипованың менеджері.

 

Өз кезегінде Фирузаның қарсыласы – М.Гутьеррес Испания чемпионы, Әлем және Еуропа чемпионатының жүлдегері. Кәсіби бокста 7 рет жұдырықтасқан. Жеті жекпе-жекте де жеңіс тұғырына көтерілген. Оның 3-де қарсыласын уақытына жетпей тізе бүктірген.

Бөлісу