Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов венгр боксшысы Габор Горбичті төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен жеңді.
Жартылай орта салмақтағы кездесу Кардиффтегі бокс кешінде өтті. Жекпе-жек алты раундтан тұрды. Боксшылар берілген барлық уақытта жұдырықтасты. Барлық раундта да Елеусінов басымдылыққа ие болып, соңында 60-54 ұпаймен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Елеусінов бесінші раундта оң жақ көзінен жарақат алды, алайда бұл оған жеңіске жетуге кедергі болмады.
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні өткізді. Нью-Йоркте өткен бокс кешінде америкалық боксшы Ноа Кидті 3 раундта техникалық нокаутпен ұтты. 7 маусымда Лондонда Золтан Шабоны ұпай айырмасымен жеңді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35