«Ұлы Дала рухы» фестивалі бастау алады

4 шілдеде «Қазмедиа» орталығының «КазМедиаХолл» киноконцерт залында ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлы Дала рухы» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. 

 

Айта кетейік, 4 шілде күні басталып,  16 қыркүйек күні аяқталатын  жастар арасындағы фестиваль бәсекесіне республика бойынша 7073 спортшы қатысады. Ұлттық спорттың көкпар, бәйге, теңге ілу, аударыспақ, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату  түрінен өтетін жарыстар командалық тәртіпте жүргізіледі.

 

Үш айдан астам уақытқа созылатын бұл фестиваль II кезеңге бөлінген. I кезең аймақтық іріктеу жарыстары. Алғашқы кезең бәсекесі төрт аймақта өтеді.

 

4 шілде күні Қазмедиа орталығында фестивальдің ашылу салтанаты және жеребе тарту рәсімі болады. Осы жеребе бойынша Республикамыздың Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Солтүстік аймақтарында өтетін  жарыстардың салтанатты ашылуы әр мерзімге белгіленген.

 

Атап айтқанда,  13-15 шілде күндері Шымкент қаласында Оңтүстік аймақ, 27-29 шілде күндері Ақтөбе қаласында Батыс аймақ, 13-15 тамыз күндері Павлодар қаласында Шығыс аймақ, 17-19 тамыз күндері Астана қаласында Солтүстік аймақ жарыстарының салтанатты ашылуы өткізіледі. Сондай-ақ, көкпар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату спорт түрлерінің іріктеу бәсекелерін аймақтық  өңірлерде, ал, аударыспақ, жамбы, теңге, бәйге спорт түрлерінің іріктеу бәсекелерін Астанада өткізу жоспарланған.

 

Аймақтардағы іріктеу жарыстары 31 тамызда мәреге жетеді. Еліміздегі 14 облыс, 3 қала командалары арасынан үздік шыққандары фестивальдің  II кезеңіне өтеді.

 

Астана қаласында 11-16 қыркүйек күндері аралығында өтетін ІІ кезеңге 250 жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Фестивальдің  II кезеңіңде жартылай финал мен финалдық бәсекелер тамашаланады.

 

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды