«Астана» баскетбол клубына жаңа бапкер келді

Клубтың бас жаттықтырушысы болып серб маманы – Александар Трифунович тағайындалды. Бұл туралы «Астана» баскетбол клубының ресми сайты хабарлайды.

Александар Трифунович 1967 жылы 30 мамырда Сербияда дүниеге келген.

Алғаш рет  белградтық «Црвена Звезда» баскетбол клубында бас менеджерлік қызметтен бастаған Трифунович бір жылдан соң осы клубқа бас бапкер болып тағайындалған.

2006-07 жылғы маусымда литвалық «Летувос -Ритас» клубының бапкерлік құрамына кіріп, 2007 жылы ақпан айынан бастап литвалық клубтың бас бапкері болып тағайындалды. Осы клубпен Біріңғай Еуропа баскетбол лигасы кубогінің финалына дейін жетті, және осы жылы Балтық елдері лигасын ұтты. Бір жылда клубты Еуролиганың үздік 16 командалары тізіміне енгізіп,  14 ойынның    11-інде жеңіске жетті.

Греция клубтарымен де жұмыс істеп көрген сербтық маман 2011-2012 жылғы маусымда каунастық «Жалгирис» клубында бапкерлік қызметте болды.

«Астана» клубы тәжірибесі мол жаңа бапкерге  үлкен  сенім артып отыр.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

World boxing cup: Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды
World boxing cup: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары кімдер?
Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды