«Астана» осы Еурокубок маусымында қанша табыс тапты?

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында «Астана» чехтің «Славия» командасымен тең ойнағаннан кейін, өз қазынасын 120 мың еуроға көбейтті.

Осылайша, «Астана» осы Еурокубок маусымында 6 миллион 300 мың еуро табыс тапты. Айта кетейік, Еуропа лигасында жеңіс үшін - 360 мың еуро, ал, тең ойынға - 120 мың еуро беріледі. 

Еске сала кетейік, Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінің екінші айналымында жеңіске жеткені үшін «Астана» 320 мың еуро табыс тапқан еді. Ал, іріктеу кезеңінен шыққаны үшін елордалық командаға үш миллион еуро беріледі. Сондай-ақ, ел чемпионы Чемпиондар Лигасына өте алмағаны үшін клуб 260 мың еуро алады. Бұған қоса, Еуропа лигасының топтық кезеңіне қатысқан әр командаға 2,6 миллион еуро беріледі. Бұдан бөлек, әр клуб маркетингілік құқық бойынша бонустарға ие бола алады. 

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур матчында «Астана» чехтің «Славия» командасымен тең ойнады.
Есеп - 1:1. 18-ші минутта камерундық қорғаушы Майкл Нгадеу-Нгаджуи «Славияны» алға шығарған. Алайда, алаң иелері бірінші таймның соңында, 43-ші минутта есепті теңестірді - хорват хавбегі Марин Томасов гол салды.



 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық спортшылар The World Games – 2025 жарысына қатысады
Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Иван Пономарев ITF турнирінде алғашқы титулын жеңіп алды
Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйақы берілді
Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы аясында халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті
Эльмира Сыздықова халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды
Астанада қазақ күресінен алғаш рет CISM Әлем чемпионаты өтеді
World Boxing: Таиландта бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы гандболдан әлем чемпионатына жолдама алды
Мадхия Усманова әйелдер күресінен Әлем чемпионы атанды
Алматыда жасөспірімдер арасында Ролан Гарросқа іріктеу турнирі өтеді
Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды