Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс жұдырықтасуы мүмкін
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Лондонда британиялық Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуы ықтимал. Бұл туралы Daily Mail жазды.
«Егер Головкин мен Сауль Альварес арасындағы рематч болмаса, онда Билли Джо Сондерс GGG үшін керемет мүмкіндік. Бұл жекпе-жекті Лондондағы Олимпиадалық стадион қабылдауы ықтимал», - деп жазды басылым.
Жақында Билли Джо Сондерс 23 маусым күні Мартин Мюрреймен болатын жекпе-жектен жарақатына байланысты бас тартатынын мәлімдеген болатын.
Естеріңізге салсақ, Головкин - орта салмақта WBA Super, WBC, IBF және IBO белбеулерінің иегері. Ал Сондерске WBO титулы тиесілі. Және қазақстандық боксшы орта салмақтағы барлық чемпиондық белбеулерді жинағысы келетінін бұрыннан айтып келе жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35