Басты Жаңалықтар IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешімге келді

IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешімге келді

IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешімге келді

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді  (38-0-1, 34 КО) чемпиондық белбеуінен айыру туралы шешімге келді.

 

22 мамыр күні Геннадий Головкин мен IBF бойынша міндетті қарсыласы Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) тараптары кездесіп, белдікті міндетті қорғау уақытын кейінге шегеруге байланысты келіссөздер жүргізген болатын. Халықаралық федерация қос боксшы арасындағы жекпе-жекті үшінші тамызға дейін өткізу керектігін міндеттеген еді.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қарымта кездесуді өткізуді жоспарлаған болатын. Бірақ қаржылық келіспеушіліктерге байланысты бұл жекпе-жек болмауы мүмкін. Сонымен қатар, жерлесіміз WBO тұжырымдамасының чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) шаршы алаңға шығуы мүмкін.

 

Бөлісу