Ресми: Головкин - Альварес ІІ кездесу қыркүйекте өтеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек 15 қыркүйек күні Лас Вегаста өтетін болды.
Бұл туралы қос тараптың промоутерлері хабарлап, екі жақты келісімге келгендігі жөнінде айтты. Естеріңізде болса қос былғары қолғап шеберлері арасындағы рематч 5 мамыр күні өтуі тиіс болған. Алайда мексикалық спортшының қанынан рұқсат етілмеген дәрумендер табылғаннан соң 6 айға спорттан шеттетілген еді.
Бокс сүйер қауым көптен күткен жекпе-жектің келісім-шартына сәйкес табыстың 57,5 пайызын мексикалық спортшы иеленетін болады. Ал, қалған 42,5 пайызы отандасымыздың еншісінде. Сарапшылардың есептеуі бойынша қаржылық тұрғыдан отандасымыз 40 миллион доллардан астам табыс табатын болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45
«Ордабасы» - алтын дубль иегері!
07.11.2026, 19:35
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35