«Astana Arlans» «British Lionhearts» жеңіп, WSB финалына шықты
Лондонда өткен WSB-дің екінші жартылайфиналдық матчында қазақстандық «Astana Arlans» командасы «British Lionhearts»-ті 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Олжас Саттыбаев (52 кг) Ниалл Дин Фаррелді - 2:1 (48:47, 47:48, 50:45), Закир Сафиуллин (60 кг) екі раунд нәтижесі бойынша Чед Милнсті, Асланбек Шымбергенов (69 кг) Кумар Маноджоны 3:0 (48:47, 49:46, 49:46) есебімен жеңсе, Арман Рысбек (81 кг) Томас Уиттакер-Харттан жеңіліс тапты, есеп - 1:2 (45:40, 49:46, 45:50). Сондай-ақ Нұрсұлтан Аманжолов (+91 кг) Патрик Майлаттан ұтылды.
Осылайша, жалпы есеп - 7:3 болды. Финалда «Astana Arlans» командасы «Cuba Domadores» - «Colombian Heroicos» жұбының қай жеңгенімен кездеседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қайрат» «Интерден» 2:1 есебімен жеңілді
06.11.2025, 03:54
«Интер» - «Қайрат»: ойынын қайдан көруге болады?
05.11.2025, 16:19
ПСЖ – Бавария: Тікелей эфир!
04.11.2025, 17:37
Софья Самоделкина Жапонияда өтетін Гран-приде өнер көрсетеді
03.11.2025, 16:26
«Қайрат» пен «Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды
03.11.2025, 11:44
Александр Бублик жартылай финалда сүрінді
02.11.2025, 15:54
Александр Бублик Париж Мастерс турнирінің жартылай финалына жолдама алды
01.11.2025, 12:51
Айша Алтай жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында чемпион атанды
31.10.2025, 21:41