Қазақстан құрамасы Дзюодан Әлем Чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Бүгін Қатар астанасы Дохада аралас командалық сайыспен дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды.
Құрамамыз Германиямен кездесіп 0:4 есебімен есе жіберді. Алғашқы белдесуде Камила Берликаш (+70 кг) Самира Бузгарнеден ұтылса, Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) Лоссени Конеден жеңілді. Бақыт Құсақбаеваның (-57 кг) Полин Старкқа шамасы келмеді. Ал Жансай Смағұлов (-73 кг) тартысты кездесуде Александра Габлерден жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасы жекелей сында да жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені (5 орын) Абиба Абужақыновакөрсетсе, ерлерімізден Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) жетінші орындардан көрінген еді.
Қазақстан соңғы рет 2014 жылы Челябинск қаласында өткен әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының соңғы ойынында Словакиямен тең түсті
16.11.2026, 23:30
Қазақстандық киберспортшы BLAST Rivals Season 2 турнирінде жеңіске жетті
15.11.2026, 20:19
Португалия құрамасы Роналдусыз алғашқы ойында жеңіліс тапты
15.11.2026, 14:25
«Ордабасы» Андрей Мартинмен қош айтысты
11.11.2026, 09:39
Велошабандоз Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды
10.11.2026, 17:41
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды
10.11.2026, 12:32
Қазақстан ерлер құрамасы шайбалы хоккейден Азия чемпионы атанды
08.11.2026, 18:30
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінде бесінші орын алды
08.11.2026, 13:45