Қазақстан құрамасы Дзюодан Әлем Чемпионатын жүлдесіз аяқтады
Бүгін Қатар астанасы Дохада аралас командалық сайыспен дзюдодан әлем чемпионаты аяқталды.
Құрамамыз Германиямен кездесіп 0:4 есебімен есе жіберді. Алғашқы белдесуде Камила Берликаш (+70 кг) Самира Бузгарнеден ұтылса, Ғалымжан Қырықбай (+90 кг) Лоссени Конеден жеңілді. Бақыт Құсақбаеваның (-57 кг) Полин Старкқа шамасы келмеді. Ал Жансай Смағұлов (-73 кг) тартысты кездесуде Александра Габлерден жеңіліп қалды.
Қазақстан құрамасы жекелей сында да жүлдесіз қалған болатын. Әйелдер арасында ең үздік нәтижені (5 орын) Абиба Абужақыновакөрсетсе, ерлерімізден Нұрқанат Серікбаев (-60 кг) пен Абылайхан Жұбаназар (-81 кг) жетінші орындардан көрінген еді.
Қазақстан соңғы рет 2014 жылы Челябинск қаласында өткен әлем чемпионатынан жүлдесіз қайтқан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан балуандары U23 әлем чемпионатында 5 медаль жеңіп алды
15.10.2026, 15:00
Софья Самоделкина Skate Canada International 2026 Гран-при кезеңіне қатысады
15.10.2026, 14:00
Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.10.2026, 17:00
Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды
14.10.2026, 11:00
Шерзод Давлатов әлемдік рейтингте үздік ондыққа кірді
13.10.2026, 18:00
Спорттық гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
13.10.2026, 15:25
Бокстан U19 Әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
12.10.2026, 17:10
Қазақстан құрамасы V Азия Пара ойындарына аттанды
12.10.2026, 15:35