Басты Жаңалықтар Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды

 Қазақстандық екі балуан U23 әлем чемпионатында топ жарды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков Әлем чемпионы атанды.
72 келіге дейінгі салмақта белдескен Юсуф Ашрапов финалда армениялық Гаспар Тертерянмен кездесті. Отандасымыз тартысты белдесуде 4:3 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айбек Айтбеков жарысты шешуші сында әзербайжандық Елмир Алиевті 13:4 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасының тағы екі балуаны жүлдеге таласады. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жартылай финалда Ресей өкілін 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды. Алтын медаль үшін ол Иран балуаны Ясин Әли Яздиімен кездеседі.
130 келіге дейінгі салмақтағы Джохар Узаров жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін белдеседі.

Бөлісу