Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде сенсация жасады
Әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Ұлыбританияда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің үшінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті жеңіп, басты сенсацияның авторы атанды.
2 сағатқа созылған тартысты ойын 3:6, 6:1, 6:2 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына аяқталып, Юлия жарыстың төртінші айналымына шықты (1/8 финал). Ойын барысында Юлия 8 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Путинцеваның келесі қарсыласы латвиялық Елена Остапенко. Қос теннисші арасындағы ойын 8 шілдеге жоспарланған.
Сонымен өатар Елена Рыбакина да 1/8 финалға жолдама алды. Отандасымыз үшінші айналымда даниялық Каролин Вознцкиді 6:0, 6:1 есебімен жеңіп, ширек финалдың жолдамасын Анна Калинскаямен сарапқа салады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан Әлем чемпионаты: Ертеңгі эфир кестесі
14.06.2026, 18:30
Футболдан Әлем чемпионаты: Ертеңгі эфир кестесі
13.06.2026, 18:00
Футболдан Әлем чемпионаты: Бүгінгі эфир кестесі
13.06.2026, 06:00
Ресми: Жозе Моуринью «Реал Мадридке» оралды
12.06.2026, 15:00
Бернарду Силва «Реал Мадрид» ойыншысы атанады
12.06.2026, 13:10
Қытайдағы Әлем кубогына қатысатын боксшылар тізімі белгілі болды
12.06.2026, 12:00
Футболдан Әлем чемпионаты АҚШ пен Парагвай ойнады
12.06.2026, 11:30
Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер
12.06.2026, 10:30