Футболдан Әлем чемпионаты АҚШ пен Парагвай ойнады
Футболдан әлем чемпионаты аясында Д тобында АҚШ пен Парагвай құрамалары Лос-Анджелестегі «Соу-Фай» стадионында кездеседі.
Бұл арена 2022 жылы ашылған және Америкалық футбол лигасының (NFL) «Лос-Анджелес Рэмс» пен «Лос-Анджелес Чарджерс» командаларының ортақ үй стадионы саналады. Ол әлемдегі ең заманауи спорт кешендерінің бірі ретінде танымал. АҚШ құрамасының тізгінін Почеттино ұстап отыр. Оның шәкірттері қатарында Еуропаның топ-лигаларында өнер көрсететін бірқатар футболшылар бар. Олардың ішінде Кристиан Пулишич («Милан»), Тимоти Веа («Ювентус»), Джованни Рейна («Боруссия Дортмунд») және Вестон Маккенни («Ювентус») сияқты ойыншылар ерекшеленеді. Парагвай сапында да халықаралық деңгейде танымал футболшылар бар. Олардың қатарында Мигель Альмирон («Атланта Юнайтед») және Диего Гомес («Брайтон») бар. Парагвай құрамасы әлем чемпионаттарында үлкен тәжірибе жинақтаған, бұған дейін де бірнеше мәрте дүбірлі додада бақ сынаған мықты ұжым ретінде белгілі. Футбол жанкүйерлері ойынды 13 маусым күні таңғы сағат 05:30-да «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады. Сондай-ақ матч qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн көрсетіледі.Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00