Басты Жаңалықтар Футболдан әлем чемпионаты Канада мен Босния және Герцеговина кездеседі

Футболдан әлем чемпионаты Канада мен Босния және Герцеговина кездеседі

Футболдан әлем чемпионаты Канада мен Босния және Герцеговина кездеседі

2026 жылғы әлем чемпионатының «Б» тобындағы бұл тартысты кездесу Торонтодағы «БМО Филд» стадионында өтеді.

Канада құрамасын америкалық маман Джесси Марш жаттықтырады. Олар өз алаңындағы матчта барын салып, жоғары нәтиже көрсетуге тырысады. Ал Босния және Герцеговина құрамасын аңыз футболшы Сергей Барбарез баптайды.

Канада сапында «Баварияда» ойнайтын, әлемдік деңгейдегі ең жылдам және әмбебап қорғаушылардың бірі Альфонсо Дэвис өнер көрсетеді. Босниялықтар жағында халықаралық деңгейдегі жұлдыз Эдин Джеко бар.

Канада мен Босния және Герцеговина бұрын әлем чемпионатында мүлдем кездеспеген. Бұл қос құраманың тарихындағы алғашқы ресми матчтардың бірі.

Футбол жанкүйерлері 12 маусым сағат 23:40-та «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай алады.

Сондай-ақ ашылу салтанаты мен матч qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттарында және «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасында көрсетіледі.

Бөлісу