Басты Жаңалықтар Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер

Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер

Футболдан Әлем чемпионатында қолданылатын жаңа ережелер

1) Ауызды жауып сөйлесуге тыйым салу Дауласу, төрешімен сөзге келіп қалу немесе шиеленіс кезінде аузын қолымен немесе жейдесімен жапқан ойыншы бірден қызыл қағаз алып, алаңнан қуалады. (Жайбарақат жағдайда құлаққа сыбырлауға рұқсат).

2) Уақыт созуға қарсы қатаң шаралар

Допты ойынға қосу (қақпадан немесе ауттан): Егер ойыншы допты енгізуге 5 секундтан артық уақыт жіберсе, доп қарсыласқа беріледі (қақпадан доп орнына бұрыштама белгіленеді). Төреші уақытты қолын көтеріп, ашық санайды.

Ойыншы алмасу: Алаңнан шығатын ойыншы 10 секунд ішінде (кез келген ең жақын сызық арқылы) шығып үлгеруі тиіс. Үлгермесе, оның орнына кіретін ойыншы кем дегенде 1 минут бойы бүйір сызықта күтіп тұрады.

3) Медициналық көмек және 1 минуттық ереже Жарақат алған футболшыға алаңда көмек көрсетілсе, ол міндетті түрде алаңнан шығуы тиіс және ойын басталған соң сыртта кем дегенде 1 минут күтеді.

4) ВАР (VAR) жүйесінің құзыретін кеңейту Енді ВАР төрешіге мына жағдайларда да ескерту жасай алады:

Сары немесе қызыл қағаз қате көрсетілгенде. Бұрыштама добы қате белгіленгенде. Бұрыштама немесе айып добы орындалмай тұрып, шабуылдаушы тарап ереже бұзғанда.

Бөлісу