Қазақстаннан Токио Олимпиадасына 2 ауыр атлет қана қатыса алады
Пекин мен Лондон Олимпиадаларынан кейін спортшылары допингпен көп ұсталған елдер 2020 жылғы Токио Олимпиадасында толық құраммен қатыса алмайды. Мұндай шешімді Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қабылдады.
Ереже бойынша Токио Олимпиадасында әр елге сегіз лицензиядан (төрт еркек пен төрт әйел) беріледі. Енді 2008-2020 жылдар ішінде антидопингілік ережені кем дегенде 20 рет бұзған елдер Токиоға екі ғана спортшысын жібере алады – бір еркек пен бір әйел. 2008-2016 жылдар ішінде Қазақстанның 29 ауыр атлеті допингпен ұсталған болатын.
Айта кетейік, Токио Ойындарының іріктеуі 2020 жылы сәуірде аяқталады. Егер сол уақытқа дейін тағы да допингпен ұсталған елдер сол жылғы Олимпиададан шеттетілуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00