Басты Жаңалықтар Головкин - Альварес II кездесуіндегі соққылар сараптамасы жасалды

Головкин - Альварес II кездесуіндегі соққылар сараптамасы жасалды

Головкин - Альварес II кездесуіндегі соққылар сараптамасы жасалды

Artorias Boxing Youtube арнасы Геннадий Головкин және Сауль "Канело" Альварес арасындағы 16 қыркүйекте өткен екінші кездесуіне сараптама жасады. Аталмыш бокс кешінде мексикалық GGG-дің WBA (Super), IBO және WBC белбеуін төрешілердің шешімімен жеңіп алған еді.

Artorias Boxing сараптамасына сәйкес кездесудегі 12 раундтың дәл соққылар нәтижесі:

Головкин - Альварес

1-ші раунд: 10-11;

2-ші раунд: 13-13;

3-ші раунд: 15-6;

4-ші раунд: 23-11;

5-ші раунд: 21-7;

6-ші раунд: 14-9;

7-ші раунд: 21-6;

8-ші раунд: 28-22;

9-ші раунд: 14-8;

10-ші раунд: 20-12;

11-ші раунд: 11-6;

12-ші раунд: 18-12.

Осылайша, дәл тиген соққылар саны бойынша қазақстандық боксшының басым болғанын көрсетіледі - 208:123. Сонымен қатар, соққылар саны бойынша Головкин бір ғана раунд ұтылған және біреуінде тең түскен. Ал қалған он раундта GGG дәл соққылары мекикалыққа қарағанда әлдеқайда көп болған. 

Бөлісу