Басты Жаңалықтар Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

2018 жылдың 26 желтоқсаны мен 2019 жылдың 6 қаңтары аралығында Канаданың Ванкувер мен Виктория қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатының Жоғарғы дивизионы өтеді. Аталған жарысқа 10 команда қатысады: Қазақстан, Канада, Чехия, Швеция, АҚШ, Ресей, Финляндия, Словакия, Швейцария және Дания.

       Айта кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жастар арасындағы Әлем чемпионатын трансляциялау құқығына ие болды. Аталған матчты «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

      Айта кетейік, Қазақстан құрамасы «В» тобында Финляндия, Словакия, Швеция және АҚШ-пен кездеседі.

       Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан жастар құрамасы бірінші дивизионның «А» тобында бес кездесуін жеңіспен аяқтап, Жоғарғы дивизионға жолдама алған болатын.

      Хоккейден Қазақстан жастар құрамасының матчтарын «QAZSPORT» арнасынан тамашалаңыздар!


Көрсетілімдер кестесі:

28 желтоқсан

09:30 Хоккей. Финляндия-Қазақстан. LIVE

29 желтоқсан

09:30 Хоккей. Қазақстан-АҚШ. LIVE

31 желтоқсан

09:30 Хоккей. Қазақстан-Словения. LIVE

1 қаңтар

05:30 Хоккей. Швеция-Қазақстан. LIVE

Бөлісу