Бакудегі Халықаралық турнирдің финалында алты қазақстандық жұдырықтасады
Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан бокстан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде алты қазақстандық боксшы ақтық сынға жолдама алды.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үздіктер қатарына таласуда. Қазіргі таңда финалға ең көп жолдама алған үш елдің (Әзірбайжан, Қазақстан және Өзбекстан) боксшылары көш бастап тұр.
49 кг. Шалқар Айқынбай – Нодирджон Мырзахмедов (Өзбекстан)
52 кг. Олжас Байниязов– Юсифзада Масуд (Әзірбайжан)
56 кг. Оразбек Асылқұлов – Тайфур Алиев (Әзірбайжан)
64 кг. Сабыржан Беқбергенов – Алиша Шарифов (Ресей)
69 кг. Мәулен Өскенбек – Икболджон Холдаров (Өзбекстан)
91 кг жоғары. Данила Семёнов – Обиджон Тахиров (Өзбекстан)
49 келідегі Ермек Мәдиев пен 64 келідегі Алмазбек Әлібековтер турнирдің жартылай финалында сүрініп, қола жүлдегер атанды.
Финалдық бәсекелер 1 сәуір күні өтеді.
Фото: ҚБФ