«QAZSPORT» телеарнасының 5 жылдығына орай волейболдан жолдастық кездесу өтті

«QAZSPORT» телеарнасының 5 жылдығына орай және волейболдан Азия чемпионаты қарсаңында телеарна қызметкерлері мен Қазақстан волейбол федерациясы ұжымы арасында жолдастық кездесу өтті. Бұл жолы спорт журналистері алаңға жас жаттықтырушыларды шақырса, функционерлер жас төрешілерді қосып алды.

 

«QAZSPORT» телеарнасының құрамында қызметкерлерден бөлек Ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Марат Иманғалиев (ол қазір «Алтайдың» жаттықтырушылар құрамында) өнер көрсетсе, волейбол федерациясында халықаралық дәрежедегі төрешілер Сани Берденов, Дәулет Қалиев, Дәурен Шушпаев және Қуатбек Айдарбеков сынды білікті мамандар күш сынады. Телевизиялық команда капитан ретінде телеарна директоры Павел Цыбулинді шығарды.

 

Кездесу барысында қос команда да жақсы өнер көрсетті. Алғашқы екі сетте тең есеп тіркелген болатын. Алайда, үшінші және төртінші сетте «QAZSPORT» арнасының қызметкерлері ойын тізгінін өз қолдарына алып, матчты өз пайдаларына шешті. Қорытынды есеп 3:1.  Волейбол федерациясы еліміздің ең үздік спорт телеарнасы қызметкерлеріне осымен екі жыл қатарынан есе жіберіп отыр.

 

Естеріңізге сала кетейік, «QAZSPORT» телеарнасы әйелдер арасында өтіп жатқан клубтық деңгейдегі Азия чемпионатының ресми хабар таратушысы болып табылады. Турнир ойындарын телеарна тікелей эфирде көрсетеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Астанада таеквондодан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матч өткізеді
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстан алғаш рет Әлем кубогының кезеңін қабылдайды
Афинада күрес түрлерінен жастар арасынан әлем чемпионаты басталды
Ресми: Бахтиер Зайнутдинов «Динамо» ойыншысы атанды
Бауыржан Исламхан «Астанаға» оралды
Елдос Сметов Лос-Анджелестегі Олимпиадаға қатысатынын мәлімдеді
Қазақстандық спортшылар Универсиаданы 11 медальмен аяқтады
Теннис: Александр Бублик қатарынан екі рет АТР250 турнирінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық шабандоздар халықаралық турнирлерде жеңімпаз атанды
Зарина Дияс W100 турнирінің жартылай финалына шықты
«Ақтөбе» жорығын жеңіспен бастады
«Астана» өз алаңында тең тарқасты
Қазақстанның таеквондодан аралас құрамасы Универсиада ойындарының қола жүлдегері
Аман Бақытжан Универсиаданың қола медаль иегері
Таеквондодан Қазақстан қыздар құрамасы қола медальға ие болған қыздар арнамызға сұхбат берді
Универсиада: Алғашқы алтын
«Қайрат» сырт алаңда есе жіберді
Ресми: Шахматшы Бибісара Асаубаева гроссмейстер атағына ие болды