Олимпиада ойындарында бақ сынайтын спортшылардың толық тізімі

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін XXIII Олимпиада ойындарына баратын қазақстандық спортшылардың толық тізімі жарияланды
Бұл тізімді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі таратты.
Алғашқы болып Олимпиада қалашығына биатлоншылар кіреді. Олардың құрамында Вишневская Галина, Подкорытов Василий, Браун Максим, Хамитгатин Тимур, Еремин Роман, Владислав Витенко, Дарья Климина, Ольга Полтаранина, Елизавета Бельченко, Алина Райкова бар.
Фристайл бойынша Олимпиадалық лицензия жеңіп алған 9 спортшы бар. Могул бойынша ел намысын Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Юлия Галышева және Аяулым Амренова қорғаса, акробатикада Маржан Ақжігіт, Жанбота Алдабергенова, Аяна Жолдас, Ақмаржан Қалмырзаева және Ильдар Бадрутдинов өнер көрсетеді.
Шаңғы жарысы бойынша Алексей Полтаранин, Денис Волотка, Евгений Величка, Виталий Пухкало, Валерия Тюленева, Анна Шевченоко және Елена Коломина жүлдеге таласады.
Шорт-трек бойынша да жүлдеге үміткерлер бар. Олардың қатарында Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шмұханов, Мерсаид Жақсыбаев және Анастасия Крестова мен А Йонг Ким бар.
Олар 1 ақпанда Пхенчханға келеді деп жоспарланған. 7 ақпанда Олимпиада қалашығында қазақтың көк байрағы көтеріледі.
Ал, коньки тебу спорты бойынша 6 спортшыға үміт артамыз. Олар: Роман Креч (500, 1000 м), Станислав Палкин (500, 1000, 1500 м), Артем Крикунов (500 м), Федор Мезенцев (1000, 1500 м және масс-старт), Денис Кузин (1000, 1500 м) және Екатерина Айдова (500, 1000, 1500 м).
Мәнерлеп сырғанауда олимп тұғырынан көрінуге мүмкіндігіміз зор. Бұл спортта ел намысын 3 спортшы – Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева және Айза Имамбек қорғайды.
Тау шаңғысында екі жолдама бар: Игорь Закурдаев пен Мария Григорьева.
Сонымен қатар, трамплиннен секіру сайысында Сергей Ткаченко мен шана спортында Никита Копыренко бақ сынамақ.
Естеріңізге салайық, ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді. Оған 95 мемлекеттен 2 900 спортшы мен ресми өкілдер қатысады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
