Қазақстандық шорт-трекшілер Олимпиада ойындарын сәтсіз бастады
Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шорт-тректен 1500 метрге жүгіруден қазақстандық спортшылар сәтсіз өнер көрсетті.
Бірінші болып мұз айдынға шыққан Денис Никиша өз тобында төртінші орынға ие болып іріктеу сынынан өтпей қалса, Нұрберген Жұмағазиев екінші орында келе жатып, тайып құлады. Сонымен қатар, әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден қазақстандық Анастасия Крестова да өз тобында жүлдеге таласу мүмкіндігінен айырылып қалды. Осылайша бүгін үш шорт-трекшіміздің жарыстарда жолы болмады. Аталған спортшылармыз енді 1000 метрлік және командалық эстафета бойынша бақ сынайтын болады.
Естеріңізге сала кетйік, аталған сайысты «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирден көрсеткен болатын.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00