Головкин-Роллс жекпе-жегі Qazaqstan және QAZSPORT телеарналарында!

9 маусым күні Qazaqstan және QAZSPORT телеарналары әйгілі «Madison Square Garden» аренасында өтетін орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. Отандастарымыздың қатысуымен өтетін бокс кешін тікелей эфирде ұсыну құқығы бойынша келіссөздер сәтті аяқталды.   

Бұл кездесу отандасымыздың жаңа бапкерімен және DAZN стримингтік сервисімен келісімшарт аясындағы алғашқы жекпе-жегі болмақ.

Сондай-ақ, бокс кешінің андеркардында қазақстандық былғары қолғап шебері Әли Ахмедов пен америкалық Маркус МакДэниэл WBC International чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасатын болады. Сонымен қатар, тағы бір отандасымыз Бахтияр Эюбов америкалық Брайан Себальомен қолғап түйістіреді.

Бокс кешін 9 маусым күні 06:00-ден бастап QAZSPORT және 09:00-ден бастап Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды