Қазақстандық жеңіл атлеттер Asian Grand Prix Series турнирінде алты медаль жеңді
Қытайдың Чунцинь қаласында жеңіл атлетикадан халықаралық Asian Grand Prix Series турнирінің бірінші кезеңі аяқталды. Аталған жарыста қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды.
100 метр қашықтыққа жүгіруде Ольга Сафронова мәре сызығын бірінші болып кесіп, чемпион атанды. Сонымен қатар, ядро лақтыру сайысында Иван Иванов жеңімпаз атанса, 400 метрге жүгіруде Михаил Литвин, 800 метрге жүгіруде Маргарита Мукашева бірінші орын иеленді.
Сондай-ақ, Надежда Дубовицкая биіктікке секіруден күміс медаль иегері атанса, 4*100 эстафетасында Рима Кашафутдинова, Элина Михина, Ольга Сафронова және Светлана Голендова тобы үздік үштікке енді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30