Басты Жаңалықтар Пхенчхан-2018. 20-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижелері

Пхенчхан-2018. 20-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижелері

Пхенчхан-2018. 20-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижелері

Шорт-тректен ерлер арасында 500 метрлік қашықтықта бақ таластырған Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев ширек финалдық сайыстарға жолдама алды. 


Ал, 1000 метрлік қашықтықта бақ сынаған отандастарымыз Анастасия Крестова мен Йонг А Ким іріктеу кезеңінде сәтсіз өнер көрсетті. Белгіленген қашықтықты Йонг А Ким 1:29.703 уақытта жүріп өтіп ширек финалға шығуға сәл жетпеді. Ал, Анастасия Крестова болса 2-ші топта өнер көрсетіп, ширек финалға өте алмады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:31.557.


Пхенчхан – 2018 Ақ Олимпиадасында аралас биатлон (2x6 + 2x7.5 км) сайысы аяқталды. Аталған сында команда сапында 2 ер адам және 2 әйел адам болуы керек. Құрама сапынан: Роман Еремин, Максим Браун және Галина Вишневская мен Алина Райкова бақ сынады. 


Қазақстан құрамасы жалпы есепте мәреге 1:14:13.7 уақытта жетіп, кестеде 18-ші орынға тұрақтады.


21-ақпанға арналған кесте

Бөлісу