Басты Жаңалықтар Шаңғы жарысы. Алексей Полторанин жүлдені уысынан шығарып алды

Шаңғы жарысы. Алексей Полторанин жүлдені уысынан шығарып алды

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан 50 км еркін стильдегі масс-старт сайысы аяқталды.

 

 

Аталған сында Қазақстан құрамасынан Алексей Полторанин Виталий Пухкало, Евгений Величко бақ сынады.

 

 

Белгіленген қашықтықты білікті отандасымыз Алексей Полторанин 2:13:37.1 уақытта жүріп өтіп, соңғы айналымда жүлдені уысынан шығарып алды. Қорытынды кестеде 15-орынға тұрақтады. Ал, Евгенний Величко жарыс жеңімпазынан 13 мнинутқа кеш келіп, 39-шы орынды қанағат тұтты. Виталий Пухкало 52-ші орынға жайғасты.

 

 

Масс-стартқа тіркелген төртінші отандасымыз Денис Волтока жарыс жолына шықпады.

 

Жарыс жеңімпазы болып фин спортшысы Иво Нисконен атанды, күміс және қола медаль ресейлік Александр Большунов пен Андрей Ларьковқа бұйырды.

Бөлісу