Пхенчхан-2018. 24-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың нәтижелері
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарының кезекті күнінде қазақстандық спортшылар спорттың 2 түрі бойынша сынға түсті.
Шаңғы жарысы бойынша 50 км классикалық спринт сайысында Қазақстан құрамасынан Алексей Полторанин Виталий Пухкало, Евгений Величко бақ сынады.
Белгіленген қашықтықты білікті отандасымыз Алексей Полторанин 2:13:37.1 уақытта жүріп өтіп, соңғы айналымда жүлдені уысынан шығарып алды. Қорытынды кестеде 15-орынға тұрақтады. Ал, Евгенний Величко жарыс жеңімпазынан 13 мнинутқа кеш келіп, 39-шы орынды қанағат тұтты. Виталий Пухкало 52-ші орынға жайғасты. Масс-стартқа тіркелген төртінші отандасымыз Денис Волтока жарыс жолына шықпады.
Ал, конькимен жарысу спорты бойынша масс-старт сайысына шыққан отандасымыз Федор Мезенцевжартылай финалдан аса алмады. Алғашқы топта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 11-орынмен аяқтады. Финалдық бәсекеге үздік шыққан 8 спортшы өтті.
25-ақпанға арналған көрсетілім кестесі