FIFA-2018. Төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанаты бүгін «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналарында

FIFA-2018. Төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанаты бүгін «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналарында 

 

Бүгін FIFA-2018 Әлем чемпионаты бастау алады.  Мәскеудің атақты «Лужники» стадионынан төртқұрлық чемпионатының ашылу салтанатын «Qazaqstan» және «QAZSPORT» арналары тікелей эфирде көрсетеді.  Басталуы: 20:30-да. Әлем чемпионатының ашылу салтанатында британиялық белгілі әнші Робби Уильямс, ресейлік опера әншісі Аида Гарифуллина, Уилл Смит, Никки Джим секілді жұлдыздар өнер көрсететін болады.

 

Чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімінен кейін турнирдің алғашқы ойыны басталады. Онда Ресей және Сауд Арабиясының құрамалары кездеседі.  Аталған ойынды футболсүйер «Qazaqstan» және «QAZSPORT»  арналарынан 20:50-ден бастап көре алады.

 

Естеріңізге сала кетейік, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Қазмедиа орталығының» медиафасадында ашық көрсетілім ұйымдастырылады. Ашылу салтанаты мен алғашқты матчтың көрсетілімі алдында, сағат 19:30-дан бастап «Астана» футбол клубының ойыншыларымен кездесу және жас футбол жанкүйерлеріне арналған шеберлік сағаты өтеді.

 

FIFA-ның 21-ші Әлем чемпионаты 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейдің Волгоград, Екатеринбург, Қазан, Калининград, Мәскеу, Нижний Новгород, Ростов, Самара, Санкт-Петербург, Саранск және Сочи қалаларында өтеді. Әлемнің үздік деп танылған 32 командасы төртқұрлықтың басты жүлдесіне таласпақ.

 

 

Ойындар кестесін жүктеу      

Соңғы жаңалықтар

LIVE LIVE LIVE

«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы

AppStore

Play Market

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды