FIFA – 2018. Жапониялықтар Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Әлем біріншілігі аясындағы алғашқы турдың соңғы матчтарының бірін ойнаған Колумбия мен Жапония құрамалары жанкүйерлерге тартысты ойындардың бірін көрсетті.
Азия құрлығынан алғашқы болып мундиальға жолдама алған жапониялықтар бұл матчты андердог ретінде бастаған. Алайда ойынның 3-ші минутында колумбиялық жартылай қорғаушы өз айып алаңында қолмен ойнап, бас төреші словакиялық маман Дамир Скомина ойланбастан он бір метрлік нүктеге көрсетті. Пенальтиді жапонияның жарық жұлдызы Синдзи Кагава мүлтіксіз орындап есеп ашты. Колумбия құрамасы алғашқы таймда есепті теңестіру үшін жаппай шабуылға көшті. Ойынның 39-шы минутында колумбиялық футболшы Кинтеро таболдағы есепті теңестірді.
Екінші таймда Колумбия құрамасының бас бапкері ойынды өз пайдасына шешу үшін алғашқы минуттан қосалқы құрамда болған Хамес Родригес пен Бакканы алаңға шығарды. Дегенмен оңтүстік америкалық ойыншыларға дәлдік жетіспеді. Есесіне жапондық ойыншылар өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, ойынның 73-ші минутында Осаконың көмегімен есепте алға шықты.
Қорытынды есеп: Колумбия – Жапония 1:2.
Голдар: Кинтеро 39 – Кагава 3; Осако 73.
Ойындар кестесін жүктеу
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market