FIFA – 2018. Бельгиялықтар Тунис құрамасын ірі есеппен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды

Әлем біріншілігінің «G» тобында Бельгия құрамасы Тунисті тас-талқан етіп, 1/8 финалға жолдама алды.

 

Ойындағы жеті голдың төртеуі алғашқы таймда соғылды. Матч басталысымен өткір шабуылға көшкен еуропалықтар 6-шы минутта пенальти тебу құқығына ие болды. Тунистік қорғаушы өз айып алаңында дөрекі ойнап, төрешінің назарынан тыс қалмады. 11 метрлік айып добынан команда капитаны Эден Азар мүлт кетпеді. Бельгиялықтардың шабуылы мұнымен тоқтап қалмады. 16-шы минутта Лукаку есепті еселей түсті. Алайда араға екі минут салып тунистіктер таблодағы есепті қысқартты. Стандартты жағдайды тиімді пайдаланған Дилан Бронн Куртуаны қапы қалдырды. Бірінші таймға қосылған қосымша минутта қақпашымен бетпе-бет шыққан Лукаку матчтағы екінші голын салды.

 

Екінші таймда бельгиялықтар ойынды толықтай өз қолдарына алды. 51-ші минутта Эден Азар дубль авторы атанса, 90-шы минутта Бачуай бельгиялықтардың бесінші голын салды. Тунис құрамасының капитаны Хазри ойынның соңғы сәтінде командасының екінші голын салып, матчтағы қорытынды есепті белгіледі.

 

Қорытынды есеп: Бельгия – Тунис 5:2

 

Голдар: Азар 6,52; Лукаку 16, 45+3; Бачуай 90 – Бронн 18; Хазри 90+3.

 

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында 13 алтын медаль жеңіп алды
Бейбіт Жукаев алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі кезеңіне шықты
Бахтиер Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасына қайта оралуы мүмкін
Криштиану Роналду «Аль-Насрмен» жаңа келісімшартқа қол қояды
Әбиба Әбужақынова IJF рейтінгісінде 2-орынға көтерілді
Ислам Чесноков шотландияның «Хартс» клубына ауысуға жақын
Астана қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Жайдар Мұқат Азия чемпионатында алтын медаль иеленді
Дзюдодан әскерилер арасында әлем чемпионатында қазақстандық қос балуан қола медаль жеңіп алды
Поль Погба футболға қайта оралды
«Qazsport» телеарнасының директоры Нағи Бақытбек «Құрмет» орденімен марапатталды
Ресми: Артур Шушеначев «Ақтөбе» ойыншысы атанды
Кристина Овчинникова Польшадағы турнирде күміс жүлдеге ие болды
Көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы тұңғыш әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева елге оралды
Талғарда KFF Academy by International Airport ғимаратының құрылысы басталды
Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды
Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатында екі бірдей медаль еншіледі
Зарина Дияс Испаниядағы турнирде топ жарды
Анна Данилина қатарынан үшінші финалға шықты
Александр Бублик жартылай финалға шықты ⠀