FIFA-2018. Сауд Арабиясы мысырлықтардан басым түсті
Әлем чемпионатындағы «А» тобының аутсайдерлері Сауд Арабиясы мен Египет құрамасы үшінші турда кездесіп, саудиялық ойыншылардың пайдасына шешілді.
Қос құрамада алғашқы екі турдағы жеңілістерінен соң топтан шығу мүмкіндіктерінен айырылған еді. Ойынның 22-ші минутында Мохаммед Салах мундиальдағы екінші голын соғып, есеп ашты. Саудиялықтар бұл голға бірінші таймның қосымша уақытында белгіленген пенальтимен жауап қатты. 11 метрлік айып добын орындаған Салман Аль-Фараж.
Ал, екінші таймда төреші қосқан қосымша уақытта Сауд Арабиясының ойыншысы Салем Аль-Давсари ойынның соңғы нүктесін қойды. Есеп 2:1.
Осылайша, Сауд Арабиясы қоржындағы үш ұпаймен, ал, мысырлықтар үш жеңіліспен Әлем чемпионатын аяқтады.
Қорытынды есеп: Сауд Арабиясы – Египет 2:1.
Голдар: С. Аль-Фараж 45 (П); С. Аль-Давсари – М.Салах 22.
Ойындар кестесін жүктеу
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
