FIFA – 2018. Аргентиналықтар плей-офф кезеңіне жолдама алды

Әлем біріншілігінің үшінші турында Нигериямен кездескен Аргентина құрамасы ойынның соңғы минутында жеңісті жұлып әкетті.

 

Аргентиналықтарға бұл ойында ұпай жоғалту мундиальмен қоштасуға тең еді. Ойынды ширақ бастаған оңтүстік америкалықтар 14-ші минутта Лео Мессидің көмегімен есепте алға шықты. Африкалықтар бұл голға 51-ші минуттағы Виктор Мозестің 11 метрлік айып соққысын сәтті орындауымен жауап берді.

 

Алайда, ойынның 86-шы минутында оң қапталдан асырылған пасты оңтайлы пайдаланған Маркус Рохо аргентиналықтардың екінші голын салып, командасына 1/8 финалдың жолдамасын сыйлады.

 

Енді Аргентина құрамасы 1/8 финалда «С» тобының көшбасшысы француздармен бақ сынайды.



Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Артём Антропов Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Қазақстан Венгрияға есе жіберді
Ғалымжан Смағұлұлы пара дзюдодан Әлем чемпионының күміс жүлдегері атанды
Бексұлтан Құлмырза пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды
Ерғали Шамей - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Даяна Федосова - Әлем чемпионатының қола жүлдегері
Айназ Құралова Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
  • Дзюдо
Ерасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Бақжан Байтас Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола медальға ие болды
  • Дзюдо
Абылайхан Жұбаназар - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Қазақстандық хоккейшілер Әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Есет Қуанов «Grand Slam» турнирінде қола жүлдеге ие болды
Ғұсман Қырғызбаев Grand Slam Qazaqstan Barysy турнирінде күміс жүлдеге ие болды
Талғат Орынбасар Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды
«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты
Усман Дембеле енді «Алтын допқа» басты үміткер
Бекзат Алмахан мен Брэд Катона жекпе-жегі 11 мамырдағы UFC 315 турнирін ашады
Луис Энрике шәкірттері Чемпиондар Лигасының финалына шықты
«Интер» Чемпиондар лигасының финалына шықты
Әділбек Мусин халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды