Басты Жаңалықтар FIFA – 2018. Швеция құрамасы мексикалықтарды тізе бүктірді

FIFA – 2018. Швеция құрамасы мексикалықтарды тізе бүктірді

Әлем біріншілігінің «Ғ» тобынан 1/8 финалға шыққан командалар белгілі болды. Олар Швеция және Мексика.

 

Плей-офф кезеңіне шығу үшін шведтерге жеңіс керек еді. Андерссон бастаған швециялықтар өз мүмкіндіктерін толықтай пайдалана білді. Екінші таймда қарсылас қақпасына үш гол салды. 50-ші минутта Аугустинссон есеп ашса, 62-ші минутта Гранквист пенальтиден есепті еселеді. 74-ші минутта мексикалықтар өз қақпасына гол салып, шведтердің ірі жеңісіне әкелді.

 

Дегенмен, осы топтағы Оңтүстік Корея мен Германия құрамалары арасындағы ойында немістердің сенсациялық жеңілісінен соң 1/8 финалға Мексика мен Швеция жолдама алды.

 

Қорытынды есеп: Мексика – Швеция 0:3.

 

Голдар: Аугустинссон 50; Гранквист 62; Альварес (АГ) 74.

 

Ойындар кестесін жүктеу      
Соңғы жаңалықтар
LIVELIVE LIVE
«QAZAQSTAN TV» мобильді қосымшасы
AppStore
Play Market

Бөлісу