Басты Жаңалықтар ҚР Президентінің Кубогы жалауын көтерді

ҚР Президентінің Кубогы жалауын көтерді

ҚР Президентінің Кубогы жалауын көтерді

Астанада хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы жалауын көтерді. Биыл төртінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі халықаралық турнирге  жергілікті «Барыспен» қатар, Ханты-Мансийскінің «Югра», Хабаровскінің «Амур» және Чеховтің «Витязь» командалары қатысуда.  Жарыс шымылдығы «Витязь» бен  «Югра» арасындағы ойынмен ашылып,  чеховтік ұжым 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан кейін, айдынға «Барыс» пен «Амур» хоккейшілері шықты. Құрлықтық хоккей лигасы шеңберінде талай рет иық тіресіп, бір-біріне дес бермейтін қарсыластар, жанкүйерлерді тартысты ойын өрнегімен қуантуға тырысты. Дегенмен, «Барыстың» хоккейшілері Хабаровскіден келген командаға қонақжайлық танытпады. «Барыстың» жаңа бас бапкері Ари-Пекка Селиннің шәкірттері «Амурдың» қақпасына жауапсыз 8 шайба салды. Найджел Доус хет-триктің авторы атанса, Дастин  Бойд, қос Константин Пушкарев пен Руденко және Талғат Жайлауов, Дмитрий  Упперлер бір-бір голдан соқты. Қазақстан Президентінің Кубогы жолындағы жарыс 13-ші тамызға дейін жалғасады.  

Бөлісу