Хоккей. «Адмирал» - «Барыс» 1:3
Бұл жеңістен кейін «Барыс» тағы да құрлықтық хоккей лигасының көшін бастады.
Құрлықтық хоккей лигасында Астаналық «Барыс» кезекті жеңіске қол жеткізді. Бұл жолы Ари-Пекки Селин шәкірттері Владивостокта жергілікті «Адмиралмен» кездесті.
Алғашқы кезеңнің 7-ші минутында «Барыс» капитаны Дмитрий Уппер есеп ашты. Екінші кезеңде айдын иелері Игорь Бортниковтің күшімен таразы басын теңестірді. Көп ұзамай, Михаил Паньшин қазақстандықтарды алға шығарды. Бұл ойында екінші шайбасын салған Дмитрий Уппер матчты қорытындылады. Есеп 1:3 қазақстандықтар пайдасында.
Бұл жеңістен кейін «Барыс» тағы да құрлықтық хоккей лигасының көшін бастады. Команда еншісінде 43 ұпай.
«Барыс» келесі ойынын 23 қазанда сырт айдында «Амурмен» өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30