Басты Жаңалықтар «Барыс» сырт айдында «Автомобилисттен» басым түсті

«Барыс» сырт айдында «Автомобилисттен» басым түсті

«Барыс» сырт айдында «Автомобилисттен» басым  түсті

Елордалық «Барыс» сырт айдында екатеринбургтік «Автомобилистпен» кездесіп, 2:4 есебімен басым түсті. Отандастарымыз ҚХЛ-да төртінші матч қатарынан жеңіске жетіп отыр. 

Бұл маусымда қос команда 5 мәрте кездесіп, 4 ойын Скабелка шәкірттерінің жеңісімен аяқталды. 

«Автомобилист» (Екатеринбург, Ресей) — «Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) 2:4 (0:0, 2:2, 0:2)


Шайбалар:

0:1 — 24:04 Михайлис (Волк, Диц)

1:1 — 28:35 Мозер (Секстон, Василевский)

2:1 — 35:13 Холланд (Доус, Василевский)

2:2 — 39:00 Пакаринен (Виделль)

2:3 — 41:30 Бойд (Старченко). 

2:4 — 54:50 Охтамаа (Старченко, Виделль)

Жерлестеріміз кезекті ойынын 13 ақпан күні мәскеулік ЦСКА-ға қарсы өткізеді. Астаналықтар жеңісті жолын жалғастыра ала ма? 

Бәсі биік турнирлерде ел намысын қорғап жүрген «Барыс» клубына QAZSPORT арнасымен бірге жанкүйер бол! 


Фото: «Барыс» ресми сайтынан



Бөлісу