«Барыс» сырт алаңда «Слованмен» кездеседі
Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Слован» (Словакия, Братислава) командасымен кездеседі.
Соңғы екі ойында да астаналық команда өз қарсыластарына жол берген болатын. Бірінші матчта Риганың «Динамосына» 2:3 есебімен ұтылса, екінші ойында мәскеулік «ЦСКА» командасынан 0:3 есебімен жеңілді.
Соған қарамастан, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде «Барыс» үшінші орнын сақтап келеді. Команда еншісінде барлығы 53 ұпай бар. Ал «Слован» 28 ұпаймен 23-ші орында.
Айта кетейік, бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Ойынды «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00