Басты Жаңалықтар Букмекерлер «Барыс» ригалық «Динамодан» есе қайтарады деген сенімде

Букмекерлер «Барыс» ригалық «Динамодан» есе қайтарады деген сенімде

Букмекерлер «Барыс» ригалық «Динамодан» есе қайтарады деген сенімде

Бүгін, 22 қараша күні астаналық «Барыс» өз айдынында ҚХЛ ойындары аясында ригалық «Динамо» клубын қабылдайды.
 
Астаналық клуб ҚХЛ-дың  «Шығыс» конференциясында 27 ойында 58 ұпаймен екінші сатыда тұр. Ригалықтар «Батыс» конференцияда 27 ойыннан 55 ұпай еншілеп үшінші орында.
 
Букмекерлер бұл кездесуде «Барыс» 3:2 есебімен қарсыласынан басым түседі деп болжам жасап отыр.
 
Естеріңізде болса, 13 қарашада Ригада өткен кездесуде «Барыс» буллиттер сериясында 3:2 есебімен «Динамоға» жол берген болатын.
 
«Барыс» осы кездесумен өз алаңындағы ойындар сериясын бастайды. Бұған дейін астаналық хоккейшілер сырт алаңда 4 ойын өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті. Балтық жағалауынан келген хоккейшілер өз алаңдарында өткізген 4 ойынның бәрінде басымдылық танытқан.
 
Айта кетейік, «Барыс»  - «Динамо» ойынын «KAZsport» телеарнасы 18:50-де тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу