Универсиада-2013. Қазақстандық хоккейшілер Канаданы ұтты
Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада хоккейден Қазақстан құрамасы Канаданы 4:2 есебімен ұтып, сенсация жасады.
Қазақстандықтар сапынан Леонид Метальников, Никита Ковзалов және екі рет Евгений Рымарев мергендік танытты. Ал канадалықтардан Тайлер Джеймс Кэрролл мен Симон Лакро көзге түсті.
Қазақстан құрамасы «С» тобындағы кездеулердің барлығында жеңіске жетіп, топтан бірінші орынды иеленді. 6 ұпай жинаған Канада плей-оффқа екінші орынмен шықты.
Естеріңізге сала кетейік, жерлестеріміз бірінші ойында Украинаны 4:2 есебімен, екінші кездесуде Жапонияны 3:1 есебімен жеңген еді.
Фото: universiadetrentino.org
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00