«Барыс» қатарынан төрт жеңілістен кейін жеңіске жетті
Омбы қаласында өткен ойында астаналық хоккейшілер 5:4 есебімен басым түсті. Есепті «Барыс» сапындағы биылғы маусымның үздік сұрмергені Брэндон Боченски Найджел Доустың көмегімен ашты.
Айдын иелері екінші кезең басында таразы басын теңестірді. Шайба авторы – Сергей Широков. Боченски қарсыластар қақпасынан екінші рет саңылау тауып, астаналықтар алға шықты. Алайда алаң иелері ойынды өз тізгіндеріне алып, есепті теңестірумен қоймай екінші кезең аяғында 3:2 есебімен алға шықты. Шайба авторлары - Денис Куляш пен Александр Перегожин.
Үшінші кезең басталысымен Константин Руденко есепті теңестірді. «Барыстың» келесі шабуылы Найджел Доустың қақпаны дәл көздеуімен аяқталып, есепті 4:3-ке жеткізді. Бірақ «Авангард» сапынан Сергей Калинин есепті теңестіріп, ойын овертаймда жалғасты. Кристиан Кудрочтың сәтті шығарған пасын ұтымды пайдалаған Руденко айдын иелерінің қақпасына жеңіс шайбасын салды. Есеп 5:4.
Естеріңізге сала кетейік, бұл ойынға дейін Ари-Пекки Селин шәкірттері қатарынан төрт ойында жеңілген болатын. Осы жеңістен соң «Барыс» 91 ұпаймен «Шығыс» конференциясында екінші сатыдағы орнын сақтап қалды.
28-ші қаңтар күні «Барыс» өз айдынында топтық кезеңдегі соңғы ойынын өткізеді. Бұл жолы Астанаға қонаққа ханты-мансилік «Югра» хоккейшілері келеді. Матч Астана уақытымен 19:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00