«Барыс» тағы да овертаймда жеңіске жетті
Астаналық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінің екінші матчында екатеринбургтік «Автомобилист» командасын ұтты.
Бұл ойында негізгі уақыт 4:4 есебімен тең аяқталды. Бірінші кезеңде Михаил Рахманов айдын иелерін алға шығарды. Дегенмен Андре Дево таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде Роман Старченконың екі шайбасына Артем Чернов мен Федор Малыхин жауап қайтарды.
Үшінші кезеңде Майк Ландинның пасын Брэндон Боченски ұтымды пайдаланды. Ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда қонақтар сапынан Дмитрий Мегалинский көзге түсті. Есеп 4:4.
Овертаймда қорғаушы Майк Ландин «Барысқа» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп 5:4.
Бұл ойыннан кейін Ари-Пекка Селин шәкірттері 2:0 есебімен алға шықты. Айта кетейік, серия төрт жеңіске дейін жалғасады. Үшінші ойын 11 наурызда Екатеринбург қаласында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші ойында да «Барыс» овертаймда жеңіске жеткен еді. Матчта жеңіс шайбасын қорғаушы Роман Савченко салған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00