«Барыс» ойынына билеттер сатыла бастайды
19 наурызда Гагарин кубогын сарапқа салатын плей-оффтың екінші айналымына билеттер сатыла бастайды, деп хабарлады «Барыс» хоккей клубының баспасөз қызметі.
Плей-оффтың екінші айналымының бірінші ойындары Астанада 21-22 наурызда өтеді. Қазақстандық клубтың қарсыласы бүгін, 18 наурызда уфалық «Салават Юлаев» пен Нижный Новгородтың «Торпедосы» арасындағы шешуші ойында анықталмақ.
19 наурызда абонемент иелеріне ғана билеттер сатылады - олар өздеріне ыңғайлы орынды таңдай алады. 20 наурызда билеттер жаппай сатылымға түседі.
Билеттер құны: 2, 3, 4, 7, 8, 9-секторларда - 2000 теңге; 1, 5, 6, 10-секторларда - 3000 теңге. Кассаның жұмыс режимі: 11:00-ден 20:00-ге дейін (үзіліс 14:00-ден 15:00-ге дейін). «Барыс» ХК сайтында онлайн билеттер сатылады.
Еске сала кетейік, биылғы жылы «Барыс» өз тарихында алғаш рет Екатеринбургтің «Автомобилисін» жеңіп, Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің екінші айналымына шығып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00