«Барыс» есеп айырмасын қысқартты
Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогі аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салават Юлаевтан» басым түсті.
Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен, жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің жетінші минутында Константин Руденко есеп ашқан болатын, бірақ сегіз минуттан кейін Вишневский есепті теңестірді. Ал ойынның 37-минутында Дастин Бойд екінші шайбаны қарсыластар қақпасына тура бағыттап, «Барысқа» жеңіс әкелді.
Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасымен арадағы ұпай айырмашылығын азайтты, сериядағы есеп 2:3-ке жетті. Келесі ойын 29 наурызда Уфада өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00