Басты Жаңалықтар «KAZsport» телеарнасы хоккейден Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

«KAZsport» телеарнасы хоккейден Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

«KAZsport» телеарнасы хоккейден Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

9-25 мамыр күндері Беларусь Республикасының астанасы Минскіде шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты өтеді

Айта кетейік, шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасы «В» тобына түсті. Біздің құраманың топтық кезеңдегі қарсыластары  -  Финляндия, Ресей, АҚШ, Швейцария, Германия, Латвия, Беларусь.  Бұл топтың ойындары «Минск Арена» кешенінде өтпек.

Ал «Чижовка-Арена» кешені «А» тобының ойындарын қабылдайды. Бұл топта Швеция, Чехия, Канада, Словакия, Норвегия, Дания, Франция, Италия құрамалары бар.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
10 мамыр. Қазақстан - Германия
11 мамыр. Беларусь - Қазақстан
13 мамыр. Қазақстан - Латвия
14 мамыр. Ресей - Қазақстан
16 мамыр. АҚШ -  Қазақстан
17 мамыр. Швейцария - Қазақстан
19 мамыр. Қазақстан - Финляндия

Фото: yvision.kz

 

Бөлісу