«Сарыарқа» Братина кубогын жеңіп алды
Қарағандының «Сарыарқа» командасы Түменнің «Рубинін» төртінші рет ұтып, Братина кубогын жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Сарыарқа» мен «Рубин» арасындағы алтыншы матч Қарағандыда өтті. Кеншілер клубы кездесуді өте жоғары қарқында бастап, үшінші минутта-ақ есеп ашты.
Көп ұзамай, қонақтар таразы басын теңестірді. Алайда екінші кезеңнің аяғында «Сарыарқа» тағы бір шайба салды.
Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Соңғы минуттарда «Сарыарқа» кем құрамда ойнап, «Рубин» қақпашысын алтыншы ойыншыға алмастырып, қыспаққа алды.
Бірақ Қарағанды клубы оның бәріне төтеп берді. Жеңісті есепті уыстарынан шығармай, Братина кубогын иеленді.
Қарағандылық команда өткен жылы финалға шығып, кубоктан айырылып қалған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00