Бүгін Қазақстан мен Швейцария кездеседі
Минскіде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы бүгін топтық кезеңдегі алтыншы кездесуін өткізеді. Ари-Пекка Селин шәкірттерінің бүгінгі қарсыласы – Швейцария құрамасы.
Ойын Астана уақытымен 23:45-те басталады. «KAZsport» телеарнасы бұл матчты тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, кеше қазақстандық хоккейшілер овертаймда АҚШ құрамасына есе жіберіп, турнирдегі екінші ұпайына ие болған еді. Қазіргі уақытта Ари-Пекка Селин шәкірттері өз тобында соңғы сатыда тұр, ал Швейцария жетінші орында.
Сарапшылар бұл ойында Швейцарияның жеңіске жететінін болжап отыр. Дегенмен қазақстандық хоккейшілер үшін жеңіс ауадай қажет. Өйткені, бұл ойында біздің хоккейшілер жеңіске жетсе, онда турнир кестесінде қарсыласының алдына шығады.
Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Ари-Пекка Селиннің туған күні. Фин маманы 51 жасқа толып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30