Бүгін Қазақстан мен Финляндия кездеседі
Минскіде өтіп жатқан шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Қазақстан Ұлттық құрамасы топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізеді. Жоғары дивизионнан шығып қалған Ари-Пекка Селин шәкірттерінің қарсыласы – Финляндия құрамасы.
Матч Астана уақыты бойынша 19:45-те басталады. «KAZsport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді.
Бүгін мұзайдынға Ұлттық құраманың капитаны Николай Антропов шықпайды. Шабуылшы Швейцария құрамасымен болған ойында тәртіп бұзғаны үшін жазаланды.
Айта кетейік, қазақстандық хоккейшілер қатарынан алты ойында жеңіске жете алмай, жоғары дивизионнан шығып қалды. Екі ұпаймен «В» тобында соңғы орында. Ал сегіз ұпай жинаған Финляндия бесінші сатыда тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00