Шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты аяқталды
Минскіде өткен шайбалы хоккейден Әлем чемпионатында Ресей құрамасы жеңіске жетті. Олар финалда Финляндия құрамасын 5:2 (1:1, 2:1, 2:0) есебімен ұтты.
Ресей құрамасынан Сергей Широков, Александр Овечкин, Евгений Малкин, Данис Зарипов пен Виктор Тихонов мергендік танытты. Ал Суоми құрамасынан Ииро Пакаринен мен Олли Палола көзге түсті.
Әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы атағына ресейлік қорғаушы Егор Яковлев ие болды. Ал фин қақпашысы Пекка Ринне турнирдің ең бағалы ойыншысы деп танылды. Ал ресейлік хоккейші Виктор Тихонов ең үздік сұрмерген атанды. Ол 8 шайба салып, 8 рет нәтижелі пас берген.
Бұл жеңістен кейін Ресей құрамасы бес дүркін Әлем чемпионы атанды. Олар Минск турнирінде өткізген 10 матчтың барлығында жеңіске жетті. Қарсыластар қақпасына 42 шайба салып, өз қақпасына 10 шайба жіберіп алды.
Айта кетейік, Финляндия құрамасы Әлем чемпионатындағы жетінші күміс жүлдесіне ие болды. Ал үшінші орын Швецияға бұйырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакинаның WTA Finals турниріндегі қарсыластары анықталды
04.11.2026, 09:12
Хоккейден Қазақстан құрамасының Азия чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды
03.11.2026, 11:35
Фатима Сұпығалиева – жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы!
02.11.2026, 22:11
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00