Басты Жаңалықтар СӘКЕН БИБОСЫНОВ ХАСАНБОЙ ДУСМАТОВТЫ ЖЕҢДІ!

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ХАСАНБОЙ ДУСМАТОВТЫ ЖЕҢДІ!

СӘКЕН БИБОСЫНОВ ХАСАНБОЙ ДУСМАТОВТЫ ЖЕҢДІ!

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов бокстан Белградта өтіп жатқан Әлем чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовтан басым түсті. Түркістан бокс мектебінің түлегі қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Ескере кететін жайт, жекпе-жек аяқталысымен өзбек тарапы аппеляциялық қарсы шағым түсіргенімен, төрешілер алқасы шешімдерімен өзгерткен жоқ.

- Мен бұл додаға өте жақсы дайындалдым. Олимпиададағы қоланың орнын толтырғым келеді. Белградқа алтын үшін келдім. Бапкерлік құрамға жеңіске жету жолындағы көмектері үшін алғысымды білдіремін, - деді жекпе-жектен кейін Сәкен Бибосынов.

Енді 1/8 финалда 24 жасар былғары қолғап шеберіміз үндістандық Дипакпен кездеседі. Ол алғашқы жекпе-жегінде қырғызстандық Азат Үсеналиевтен айла асырған.

Бибосынов пен Дусматов жекпе-жегі кешкі сессияның шымылдығын түрсе, бесінші болып шаршы алаңға 75 келідегі Нұрқанат Райыс шықты. Белград төріндегі алғашқы жекпе-жегінде 21 жасар отандасымыз черногориялық Стефан Савковичты жеңді. Екінші айналымдағы қарсыласы молдовалық Влад Гаврилыч. 


Бокссүйер қауым жекпе-жектерді «Qazsport» арнасының тікелей эфирінде көре алады. Күндізгі сессия елорда уақытымен 17:00-де басталса, кешкі сессия 22:00-ге жоспарланған.


Жігіттерімізге бірге қолдау көрсетейік!

Бөлісу